Басты жаңалықтар

Тоқаев Германияда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Қазақстан жеделхатында достас Германия халқына қазақ халқының атынан және жеке өзінің атынан қолдау көрсетілетінін атап өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Магдебургтегі Рождестволық жәрмеңкеде құрбан болғандарға байланысты көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Магдебургтегі Рождестволық жәрмеңкеде болған қайғылы оқиғаның салдарынан көптеген құрбан болғандарға қатысты көңіл айтты» делінген хабарламада.

Қазақстан басшысы өзінің жеделхатында достас Германия халқына қазақ халқының атынан және жеке өзінің атынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.