«Көйлектің матасына ақша аямаймын»: Мақпал Жүнісова сахналық киімдері туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2024
- 244
Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова сахнаға киіп шығатын көйлектерінің бағасы мен сапасы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші ол Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында әңгімеледі. Айтуынша, көйлектің бағасына емес, матасына қарайды екен.
"Менің гардеробымда аса қымбат көйлек жоқ. Бірақ мен көйлектің матасына ақша аямаймын. Оның дизайнына, тігілуіне қатты мән беремін. Жабыстырып көйлек кие алмаймын. Ол кең тұртын әрі мыжылмайтын болуы керек. Өйткені гастрольде, анда-мында жүргенде көйлек үтіктеп отыруға уақытым болмайды. Десе де түрі ұнаса 3-4 мыңның матасына да көйлек тіктіре беремін" деп жауап берді ол.
Әнші жас кезінен кең көйлектер киетінін және денеге жабысып тұратын киім кие алмайтынын айтты.лек
мата
"Анам жастайымнан "қыз балаға тырысқан, жабысқан киім киюге болмайды" деп үйреткен. "Қыз бала қызық болуы тиіс. Өзінің қызығын тек жарына көрсетуі керек" дейтін. Сол ақылы санама әбден сіңіп қалған. Ешқашан жабысқан, тырысқан киім киген емеспін. Қазір мен өзім боянамын, өзіме дизайнермін, өзіме стилистпін" деп қосты ол.