«Еркелетіп көп нәрсені үйретті»: Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде марқұм күйеуін еске алды
Желі қолданушылары тележүргізушіні туған күнімен құттықтап, тілектерін жазды
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде марқұм күйеуін Қайрат Беркінбаевты еске алып, парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол күйеуінің өзіне көп нәрсе үйреткенін жазды.
«Жүрек түкпірінен өшпейтін тағы бір тілегім - тірегім болған Қайрекеме. Жаны тыныш болғай. Еркелетіп, икемдеп, көп нәрсені маған үйретті", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.