Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлады: білім басшысы қызметінен кетті
Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлап кеткен болатын. Осыдан кейін қаланың білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Семей қаласының білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылғанын хабарлады, деп жазады Arnapress.
«Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауында», - деп атап өтті Ахметқалиев.