“Фотоға түсіріп те алыпты”: Жанқош Тұраровтың әйелі өздеріне дуа жасалғанын айтты
Дуа мен магия дегендер көп адамның басында бар екен
Белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса қара магия туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол үйінен біртүрлі заттарды тауып алғанын айтты.
“Қозғайтын тақырыбым өте күрделі. Жалпы, дуа, сиқыр, қара магия дегенге сенесіңдер ме?! Соңғы кезде түрлі күдік туғызатын заттарды тауып алып жатырмыз. Суреттерімізді сол іспен айналысатын адамның үстелінен көріп қалдық деген адамдар бар. Ешкімге білдірмей фотоға түсіріп те алыпты. Осы жағдай қатты ой салып отыр. Әрине, басында мән бермеуге тырыстық. Көбірек дұға жасай бастадық. Аллаға тапсырдық. Бірақ түстер кіріп, небір күдікті заттарды тауып алып жатқанымызды жоққа шығарғым келмеді. Мән бермеске болмады. Дуа мен магия дегендер көп адамның басында бар екен. Маған толассыз хат келіп жатыр”, – деп жазды блогер келіншек.