Таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын мұқият сақтауды сұрайды
Алматы облысының тауларында 23-26 желтоқсан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты облыстық ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын мұқият сақтауды сұрайды.
«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», – делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Altyn Orda» әлем кубогында қазақстандықтар 4 алтын медаль иеленді
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026
Басты жаңалықтар
Семейде 9-сынып оқушысы сыныптасын 15 жерінен пышақтап тастаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026




