Басты жаңалықтар

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын мұқият сақтауды сұрайды

Алматы облысының тауларында 23-26 желтоқсан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты облыстық ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын мұқият сақтауды сұрайды.

«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», – делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.