Қоғам

Алматыда қызмет көлігінен қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Сотталушының қашқаны туралы 4 желтоқсанда белгілі болды

Алматы қалалық полициясы желтоқсан айының басында айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен ер адамға іздеу жариялаған болатын. Бүгін оның Алматы облысында ұсталғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

1996 жылғы азамат Әубәкір Қ. Е. Алматы облысының аумағында ұсталған. Полиция бұған дейін күдіктінің басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталғанын еске салды.

«Қазіргі уақытта қашу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сотталушының қашқаны туралы 4 желтоқсанда белгілі болды. Сол кезде полиция бөтеннің мүлкін ұрлап, ұсталған соң айдауыл қызметінің көлігінен қашқан сотталушыны жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатқандығын хабарлаған еді. Қызметтік тексеру де жүріп жатыр.