Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтау маңында құлаған ұшақ туралы тың дерек шықты

Ақтау маңында құлаған ұшақ туралы тың дерек шықты
Сурет: rasyonelhaber.com
Ұшақ құлаған жерден түрлі дене жарақаттарымен 12 адам құтқарылды

Ұшақ авариялық белгі көрсетілгеннен кейін Ақтау маңында құлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағы Каспий теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда, төтенше жағдай туралы белгі берген.

Ақпарат бойынша, экипаж Ақтау әуежайына шұғыл қонуға әрекеттенген, бірақ сәтсіз аяқталып, ұшақ қала маңында құлаған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде пайда болды.

Қазіргі уақытта ұшақтың құлауына не себеп болғаны белгісіз. Әлеуметітк желіде ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кеткен болуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Ал басқа ақпарат көздері маршруттың өзгеруіне қалың тұман себеп болуы мүмкін дейді.

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ қысқа және орта бағыттарда кеңінен қолданылатын қос қозғалтқышты Embraer ERJ-190 ұшағы. Бразилиялық компанияда жасалған. ERJ-190 (E190) моделі кабинаның конфигурациясына байланысты 96-дан 114 жолаушыны тасымалдауға арналған. Бұл ұшақтар 4500 шақырымға дейінгі ұшуларды орындай алады.

 Flightaware мәліметі бойынша, әуе кемесі әуежайдан белгіленген уақыттан 11 минут ерте ұшқан.

Қазіргі уақытта Қазақстан билігі апат болған аймақта құтқару операциясын ұйымдастырды. Көмек көрсету және барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына құтқарушылар, дәрігерлер мен авиация мамандары жіберілгені хабарланды.

Оқиға орнына 14 жедел жәрдем бригадасы жеткізілді. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған. Ұшақ құлаған жерден түрлі дене жарақаттарымен 12 адам құтқарылды. Оның біреуі бала. Қазір Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

 

 

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар