Қазақстанда күн жылына бастайды
6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі
Синоптиктер елімізде 26, 27 және 28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстанның көп бөлігінде түнде температура 3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі. Ал елдің батысында айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Жалпы еліміздің барлық өңірінде көктайғақ, тұман, күшті жел, ал батыс аймақтарда көктайғақ болады деп болжанған.