Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтаудағы ұшақ апаты: құтқарушылар келгенше энергетиктер 15 адамды ажалдан аман алып қалған

Ақтаудағы ұшақ апаты: құтқарушылар келгенше энергетиктер 15 адамды ажалдан аман алып қалған
Сурет: aikyn.kz
Қайғылы оқиғаға байланысты қаладағы жаңажылдық шырша жағу шарасы өтпейтіні белгілі болды

Ақтау маңында ұшақ құлаған уақытта оқиға орнына алғаш болып сол тұста жұмыс істеп жүрген энергетиктердің көмекке келген. Олар 15 адамды сыртқа шығарып, ажалдан арашалап қалыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Lada.kz-тің хабарлауынша, оқиға орнына ең әуелі "Маңғыстау электр тарату компаниясы"АҚ энергетиктері көмекке барған. Олар сол маңдағы  30 шақырым жерде орналасқан Сайын Шапағатов ауданындағы қосалқы стансада жұмыс істеп жүрген. Жедел көмек көрсетулерінің нәтижесінде ұшақтың құйрық жағында болған 15 шақты адам құтқарылған. Сонымен қатар олар жедел жәрдем келгенше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп үлгерген.

Бүгінгі қайғылы оқиғаға байланысты қаладағы жаңажылдық шырша жағу шарасы өтпейтіні белгілі болды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Олар бүгін өтуге тиіс болған рәсім кейінге қалдырылғанын жеткізді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар