Ақтау маңында құлаған ұшақта қаза болған қазақстандықтардың суреті жарияланды
Ұшақ апатында қаза болған кейбір қазақстандықтардың есімі белгілі болды
Бүгін Ақтау маңында құлаған ұшақ ішінде Қазақстанның алты азаматы болған. Ұшақ бортында болған қазақстандықтың төртеуінің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Holanews сайтына сілтеме жасап.
Олардың есімдері Azerbaijan Airlines инстаграм-аккаунтында жарияланған және жолаушылардың туған күндері бойынша сәйкестендірілді.
1. Салима Жүтаева (1995 жылы туған) – әлеуметтік желідегі парақшасында Қостанай мен Грозный қалаларында тұратынын көрсеткен. Мамандығы – стоматолог.
2. Гаухар Шаймерденова (1975 жылы туған) – Астана тұрғыны. Тележүргізуші Санди Сұлтан оның ұшақ бортында болғанын хабарлады. Журналист олардың дос екенін және Бакуден 10 жасар ұлы Елдармен бірге ұшқанын айтты. Елдардың есімі де жолаушылар тізімінде бар. Болжам бойынша, ұлдың азаматтығы басқа, себебі Балалар құқықтары жөніндегі комитеттің мәліметінше, бортта қазақстандық балалар болмаған.
3. Сандібек Төлесінов (1988 жылы туған) – Жаңаөзен қаласынан. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, “MunaiFieldService” ЖШС-де жұмыс істейді.
4. Бауыржан Жұмағұлов (1985 жылы туған) – Жаңаөзен қаласынан. Әлеуметтік желідегі мәліметтер бойынша, “ӨзенМұнайСервис” компаниясында жұмыс істейді.