«Кіші ұлымен бірге достарына бара жатқан»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шаймерденова туралы жазды
Айтуынша, анасы қайғылы оқиға туралы әлі білмейді
Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан астаналық Гаухар Шаймерденова мен оның ұлы Эльдар Жұмағат Грозныйға жаңа жылды қарсы алуға бара жатқаны белгілі болды. Бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжан желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол нотариус қызметін атқарған.
“Мен Астана нотариаттық палатасының төрайымы Әйгерім Айкешевамен сөйлестім. Оның айтуынша, өткен жексенбіде олар нотариустар корпоративінде бірге болыпты. Гауһар әріптестеріне кіші ұлымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйдағы отбасылық достарына ұшып бара жатқанын айтқан. Астанадан Грозныйға тікелей әуе рейсі болмаған. Сол себепті олар Баку арқылы ұшқан. Гауһардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар еді. Ол енді ғана елге ұшып келіп, Астанада қалған. Ал Гауһардың анасы қайғылы оқиға жайлы әлі білмейді. Гауһардың бұрынғы жұбайы мен көмекшісі марқұмдардың денесін алып кету үшін Ақтауға ұшып кеткен", – деп жазды журналист.