«Ұшақта менің құрбымның ұлы да болды»: танымал әзірбайжандық әнші қазақстндықтарға үндеу жасады
Әнші концерттік турын тоқтатты
Tik Tok желісінде хит болған “Istedim” әні арқылы танымал болған Роза Зергерлі қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол еліміздің батыс өңіріне жоспарланған концертінің өтпейтінін айтып, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ұшақта құрбысының ұлы болған. Сондықтан әнші концерттік турын тоқтатты.
“Құрметті, оқырман! Ұшақ апатынан қаза тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Менің Қазақстан өңіріне концерттік турым басталатын еді. Бірақ мен бәрінен бас тарттым. Атыраудағы концертімді де болдырмадым. 1500 адамның алдына шығып ән айтпадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Бұл орны толмас өкініш пен трагедия. Ұшақта менің құрбымның ұлы да болды. Өзімнің жерлестеріме және қазақ, орыс, қырғыз, грузин бауырларыма көңіл айтамын. Менің қабылдаған шешіміме түсіністік танытасыздар деп ойлаймын. Мені қолдаған барлық тыңдарманға алғыс білдіремін”, – деді әнші.