Қоғам

Ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы бала анасына бара жатқан

Мухаммедалиді ұшаққа әкесі шығарып салған

Ақтау маңында құлаған ұшақта 13 жасар әзірбайжандық Мухаммедали Фаридоглы Еганов та қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі.

Оқушы Грозныйға жаңа жыл мерекесін атап өтуге анасына бара жатқан. 

Жасөспірімнің қазасы туралы әлеуметтік желіде оның сыныптастары жазды. Баку қаласының Хатай ауданында тұратын Мухаммедали №27 мектепте оқыған. 

Белгілі болғандай, баланың анасының ұлты – шешен, әкесі Әзірбайжандағы ірі кәсіпкер – Фарид Еганов. Ұшақ құлағанда оның жанында жақындарынан ешкім болмаған. 

Мухаммедалиді ұшаққа әкесі шығарып салған.