Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан ер адам тірі болып шықты
Ер адам көз жұмғандардың тізіміне еніп кеткен
Баку-Грозный бағытында ұшқан ұшақ апатынан қаза тапқан ер адам тірі болып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзірбайжандағы жергілікті басылымдар жарыса жазып жатыр.
Ақтау маңында апат салдарынан қаза тапты деп есептелген Махир Жараевтың тірі екені белгілі болды. Ол Әзірбайжанның Закатал ауданындағы Даначи ауылының тұрғыны екен.
Махир Жараев ауруханада отбасымен сөйлесіп, жағдайының жақсы екенін айтты. Оның отбасы үмітін үзген еді. Өйткені ер адам көз жұмғандардың тізіміне еніп кеткен. Әрі зардап шеккен жолаушымен туыстары байланысқа шыға алмаған.
Сонымен қатар апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Загатал ауданының 10 тұрғыны болды.