Алматы маңында жер сілкінді
Жер сілкінісі таңғы сағат 07:34-те тіркелген
Алматы маңында жер сілкінісі болды. 277 шақырым жерде орын алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы мәліметінше, жер сілкінісі таңғы сағат 07:34-те тіркелген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан," - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәліметтер жоқ.