Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қазақстанда біздің жағдайымызды жасады”: ұшақ апатынан аман қалған әзірбайжандық алғысын айтты

“Қазақстанда біздің жағдайымызды жасады”: ұшақ апатынан аман қалған әзірбайжандық алғысын айтты
Сурет: Report.az
Ер адам әйелін көргісі келетінін және оның жағдайы туралы ештеңе білмейтінін жеткізді

Ақтау маңында құлаған ұшақта аман қалған әзірбайжандық азамат Нурулла Сираджов қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Report порталына сілтеме жасап. 

Ол қазақстандық дәрігерлердің қамқорлық танытқанына ризашылығын білдірді.

“Менің саусағым сынған, оған гипс салып қойды. Көгерген жерлері бар. Қазақстанда біздің жағдайымызды жасап, барлығын істеді. Біз бәріне ризамыз. Бұдан жақсы болуы мүмкін емес”, – дейді Нурулла Сираджов.

Ер адам әйелін көргісі келетінін және оның жағдайы туралы ештеңе білмейтінін жеткізді. 

“Әйелім туралы ештеңе білмеймін. Оның жағдайы белгісіз. Соны білсем деймін. Оны көргім келеді. Ұшақта бірге отырған болатынбыз. Бірақ апаттан кейін оны көрмедім. Бәрінен де әйелімді қатты сағындым”, – дейді азамат.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар