Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Көктайғақ болады”: желтоқсанның соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

“Көктайғақ болады”: желтоқсанның соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Сурет: 78.ru
27 желтоқсаннан бастап елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс аймақтарда да тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын және көктайғақ болады

“Қазгидромет" РМК 28-30 желтоқсанға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдағы екі күнде солтүстік және шығыс аймақтарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тек 28 желтоқсанда, кезекті антициклон сілемімен, елдің солтүстігінде күн ашылады. 27 желтоқсаннан бастап елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс аймақтарда да тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Республика бойынша тұман күтіледі, елдің солтүстігінде жел күшейеді.

Еліміздің көп бөлігінде температура өзінің Климаттық көрсеткіштерінен жоғары болып тұрғанмен солтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде 7-15-ке дейін, күндіз 5-10 градус аязға дейін аздап төмендеуі күтіледі. 

Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар