Қоғам

Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді

Тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады

Ақтауға Бразлиядан Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Көлік министрлігі Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 

Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді. 

Тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады. Сондай-ақ алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп күтілуде.