Ұшақ апатынан аман қалған бортсерік оқиғаның қалай басталғанын айтып берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 желтоқсан, 2024
- 280
Ақтауда апат болған ұшақтың аман қалған екінші бортсерігі оқиғаның қалай болғаны туралы айтты. Бұл туралы Media.az мәлімдейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұшақ апатынан тірі қалған бортсерік Зұлфұғар Әсадов ұшақ тұманның басылуын күтіп, екінші айналым жасағанын айтады.
«Біз таңғы сағат 8-де Грозныйға ұштық. Қонуға жақындаған кезде әуежайды өте қалың тұман басқан екен. Капитан ұшақты төмендетпек болып еді нашар көрініп тұрды. Сөйтіп екінші айналымға ұшуға мәжбүр болды, тұманның басылуын күтті. Бірақ екінші, үшінші қону да сәтсіз аяқталды», – деді Әсадов.
Ұшақ әуежайға қона алмаған сәтте сырттан біртүрлі дыбыс естілген.
«Бірақ сол сәтте сырттан біртүрлі дыбыс естілді. Мен әріптесім Айданмен бірге жылдам салонға шығып, жолаушыларды тыныштандыруға тырыстық», – дейді бортсерік.