Басты жаңалықтар

“11 млн теңге жымқырған”: Жетісу облысында балабақша директоры жоқ балаларды тіркеген

Балалар үшін мемлекеттен заңсыз төлемдер алып отырған

Панфилов ауданындағы балабақшалардың бірінде жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде 11 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Kaisar KK» бөбек жайының директоры 2 жыл бойы балабақшаға келмеген балаларды барды деп көрсетіп, жалған есептер ұсынған.

Осылайша ол бармаған балалар үшін мемлекеттен заңсыз төлемдер алып отырған.

«Сот бұл әрекетті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді», - делінген прокуратура хабарламасында.