Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бір дыбысты естіп, бетперде кидік»: аман қалған стюардесса ұшаққа екі рет соққы жасалғанын айтты (ВИДЕО)

«Бір дыбысты естіп, бетперде кидік»: аман қалған стюардесса ұшаққа екі рет соққы жасалғанын айтты (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Қонуға екі минут қалғанда қоңыраулар тоқтады...

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рахимли оқиғаның қалай болғаны туралы баяндап берді. Айтуынша, оттегі маскалары алғашқы соққыдан соң түсіп қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Алғашқы соққыдан соң оттегі маскалары түсіп қалды. Біз не болып жатқанын көру үшін салонға бардық. Сол уақытта екінші соққы болды. Бортсерік Зүлфұғардың сол қолы жараланып қалды. Мен оған алғашқы көмек көрсеттім. Ол оң жақта, мен сол жақта отыратын едім. Содан кейін бір дыбысты естідік, Бір мезетте болып кетті, ештеңе түсінбей қалдық. Барлығымыз бетперде кидік. Хокума қоңырау шалды. Біз үнемі байланыста болдық, соңғы минутқа дейін сөйлестік. Қонуға екі минут қалғанда қоңыраулар тоқтады...”, – деді стюардесса.

Айдан Рахимлидің салондағы оттегі балоны жарылды деген ақпараттың жалған екенін айтады. Өйткені егер сондай жағдай болғанда ұшақта ешкім тірі қалмас еді дейді ол. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар