Қоғам

Астанада полицейлер күшейтілген режимге ауысты

Астанада полицейлер күшейтілген қызмет нұсқасына ауысты, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Астанада полицейлер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінің аумағында полиция қызметкерлерін жалпы гарнизондық қызмет орнына тарату жүргізілді.

Қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында мереке күндері халық көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік шаралары қызмет көрсету бағыттары күшейтіледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы күшейтілген режимге көшкенін хабарлаған едік.