«Тұман, көктайғақ»: 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан бойынша жел күшеюі күтіледі
"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 1 қаңтарда арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райының сипаты күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында бұрқасын және екпінді желмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.
Күндіз шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 30 м/с және одан да көп қатты жел күтіледі.