Басты жаңалықтар

Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан

2 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та Қазақстанмен шекаралас аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ТЖМ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан.

Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 балл болған. Энергетикалық классы – 10,9. Тереңдігі – 12 шақырым.