Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«50 жасқа келіп қалыппын!»: Сәкен Майғазиев туған күнін анасының қасында атап өтті

«50 жасқа келіп қалыппын!»: Сәкен Майғазиев туған күнін анасының қасында атап өтті
Сурет: instagram.com/saken_maigaziyev
50 жыл бұрын анашым аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, қалжа жеген күнінде қасында болайын деп ауылға келгем

Әнші, «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев 50 жасқа толды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесің атаулы күнді анасымен бірге қарсы алған. Бұл туралы желідегі парақшасында жазба жариялады.

«31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні кірген қасиетті Ережеп айында, 2024 жылдан 2025 жылға қадам басар жаңа жыл кезінде 50 жасқа келіп қалыппын! 50 жыл бұрын анашым аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, қалжа жеген күнінде қасында болайын деп ауылға келгем. Барлығы баянды болсын, барша Қазақ елі! Қиындықтар артта қалып, алдағы қалған өміріміз хайырлы, берекелі болсын. Алла Тағала бұл жалғанның жамандығынан, қияметтің қиындығынан, ақыреттің азабынан сақтағай. Қазақстанымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын. Жаңа жыл жақсылығымен жетсін, жақындарым! Құшақтадым!», - деп жазды Сәкен Майғазиев. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар