Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен түсірген блогер қамаудан шықты
Мен бұл тәжірибеге қуаныштымын, өйткені мен өзімнің ұстанымдарыма бұрынғыдан да берік, күшті және иілмейтін болып кеткенімді сезінемін
Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен видеоға түсіргені үшін 10 тәулікке қамауға алынған блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер бостандыққа шыға сала желідегі парақшасында жазба жариялады.
“Сәлем, 2025… Ер адамның басынан не өтпейді!?
Осы 10 күн оқшауланып, үйден 150 шақырым жерде мен тек осы сөздерді санамда қайталай бердім. Шынымды айтсам, мен бұл тәжірибеге қуаныштымын, өйткені мен өзімнің ұстанымдарыма бұрынғыдан да берік, күшті және иілмейтін болып кеткенімді сезінемін. Жалпы көп нәрсе жазғым келеді.
Бірақ алдымен әйелімді сүйіп, балаларымды құшақтап, ыстық душқа түсіп, жылы, жайлы ортада жақсы ұйықтағым келеді.
Қалғанын кейінірек айтамын...”, – деп мәлімдеді блогер.