Қоғам
2025 жылы 600 мыңға жуық қазақстандықтардың жалақысы өседі
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2025
- 517
2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өседі
Қазақстанда 2025 жылы мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бірнеше саланың қызметкерлерінің жалақысы көбейетіні белгілі болды.
«Жалақыны көтеру есепші, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражай сарапшысы, орманшы, техникалық персонал және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге әсер етеді», - деп хабарлады ведомстводан.
Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өседі.
Бұл Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған.
Келесі мақала
Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының неден қайтыс болғанын айтты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Саудам жақсы жүруі үшін, берекелі табыс болуы үшін қандай дұға оқыған дұрыс
- авторkyn.kz
- 7 қаңтар, 2025