53 адам қаза тапты: Тибетте жойқын жер сілкінісі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қаңтар, 2025
- 1.0k

Қытайдың Тибет аймағында жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан кемінде 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Синьхуа порталына сілтеме жасап.
Табиғи апаттан көптеген ғимараттар қираған.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 09:05-те (Астана уақытымен 06:05-те) тіркелді. АҚШ-тың Геологиялық қызметі магнитуданы 7,1 балл деп бағалаған, ал Қытайдың сейсмикалық орталығы магнитуданы 6,8 балл деп көрсетті.
Жер сілкінісінің эпицентрі Тибеттің Шигадзе қаласынан 163 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпуі Дингри ауданының тұрғындары тарапынан сезілді. Непал, Үндістан, Бутан және Бангладеште де дүмпулер байқалды.
WATCH: At least 32 people have been killed after a powerful earthquake struck a remote region of Tibet on Tuesday morning, according to Chinese state media, with tremors felt in neighboring Nepal and parts of northern India. pic.twitter.com/mU4dQ2Pymf
— World Times (@WorldTimesWT) January 7, 2025
Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы төмендеген
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2025
Семейде заманауи жабдықталған үш полиция бекеті ашылды
- авторkyn.kz
- 14 қыркүйек, 2025