Көлік министрлігінің хабарлауынша, Астанаға қара жәшіктерден алынған материалдар жіберілген.
Ақтауда апатқа ұшыраған борттың қара жәшігіне қатысты тың дерек белгілі болды.
"Келген бетте сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі", - деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) ұшақтың қара жәшіктеріндегі деректерді талдауды аяқтаған еді. Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Әзербайжан әуе жолдары" (AZAL) ұшағының қара жәшіктеріндегі деректер алынды. Embraer 190 ұшағының деректері апаттың мән-жайын анықтап жатқан Қазақстан билігіне жіберілгені хабарланды.
Еске салайық, талдау авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығында (CENIPA) жүргізілген еді. Деректерді Бразилиядан келген үш тергеуші, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресей өкілдері талдады.