Қоғам

«Мақсатым — өлтіру»: емші 9 жасар қыздың қол-аяғын байлап, оның жынын шығармақ болған (ВИДЕО)

Көптеген адамдар емшінің әрекетіне наразылық білдірді.

Атырау облысында емшінің 9 жасар қызды күштеп ұстап,  «ішіндегі шайтанды» шығаруға тырысып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ер адамның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеода емші мен оның көмекшісі кішкентай қыздың қолын байлап, оған түрлі сұрақтар қойғаны бейнеленген. Оның тамағынан қысып, «ішіндегі жынды» шығару әдісін қолданғаны көрсетілген.

Қыз «Иә, мен 19 жастағы мыңжылдықпын». «Мақсатым — өлтіру» сияқты мәжбүрлі сөздер болғаны анықталды.

Бұл әдісті қолданған Кейқуат Оспанов өзін «ислам медицинасының өкілі» деп таныстырады.

Azattyq Rýhy агенттігі бұл оқиға туралы мәліметті жариялаған соң, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәселені бақылауға алғанын мәлімдеді.

«Жергілікті уәкілдермен байланыстым. Олар бұл жағдайды қарауға алды», – деді Динара Зәкиева.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, көптеген адамдар емшінің әрекетіне наразылық білдірді. Көпшілік балалардың құқығын қорғау және мұндай әрекеттерді қатаң түрде заңмен жазалау қажеттігін талап етуде.