"Қыз суицид жасады": Ақтауда бойжеткенге есірткі беріп зорлап, атына несие алдырғандар анықталды
Мефедрон беріп, қызды көлік ішінде зорлаған
Ақтауда 5 жігіт жас қызды зорлап, қинап есірткі берген. Әрі оның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы nemolchikz_official парақшасында жариялады. Оқиға 2024 жылдың мамыр айында болған.
Бойжеткен спортпен айналысып, фитнес - жаттықтырушы болып қызмет атқарған. 14 мамыр күні түнде жұмыстан қайтып бара жатқан қызды бір топ ер адам ұстап алып, көлікке отырғызады. Оған мефедрон беріп, қызды көлік ішінде зорлаған. Қызды таңға дейін зорлаған жігіттер, оның телефоны арқылы 2 млн теңге несие рәсімдеген.
Жазықсыз мерт болған қыздың туыстары сот шешіміне келіспейді.
Бас зорлаушыға прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Қалған төртеуі 15-16 жылға сотталуы керек еді.
Прокуратура оларды зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, есірткі заттарын қолдануға көндіру, есірткі заттарын заңсыз пайдалану, заңсыз бас бостандығынан айыру, адам ұрлау, бопсалау баптарымен айыптады.
Судья қыздың өлімін зорлықпен байланыстырмады. Болған оқиғадан 3 күн өткен соң қыздың мерт болғанын жеткізді. Марқұмның отбасы апелляциялық шағым түсірді.