Қоғам

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ апатынан қаза тапқандардың қарызы кешіріледі

шақ апатынан зардап шеккендердің несиелік міндеттемелері банктер мен ББҰ-ның жеке қаражаты есебінен өтеледі

25 желтоқсанда Ақтау маңында AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әзірбайжанның банктері мен банктік емес несие ұйымдары апаттан көз жұмған азаматтардың несиелік міндеттемелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мұндай шешім қаза болғандардың отбасыларына қолдау көрсету ретінде қабылданған. Ұшақ апатынан зардап шеккендердің несиелік міндеттемелері банктер мен ББҰ-ның жеке қаражаты есебінен өтеледі.

Айта кетсек, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Оның ішінде 38 адам мерт болды.