«Көне қазақи есім»: Айсәуле Бақытбек үшінші сәбиінің есімін жариялады
Қызым дүниеге келмей тұрып, біз қалжың ретінде оны Сәлимә тәте деп атайтынбыз
Баян Мақсатқызының қызы Айсәуле Бақытбек бір ай бұрын дүниеге әкелген үшінші қызының есімін көпшілікке жария етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желі жұлдызы бұл жолы перзентінің есімін жолдасы қойғанын айтты.
Айта кетсек, қараша айының соңында Айсәуле Бақытбек үшінші перзентін дүниеге әкелді. Баян Мақсатқызының тұңғышы Instagram-дағы парақшасында "Salima 1 month" деген жазбасы бар торттың суретін жариялап, оқырмандарына бұл есімді кім қойғанын баяндады.
"Сәттіні секілді бұл жолы да есімді жолдасым таңдады. Бұл көне қазақи есім. Қызым дүниеге келмей тұрып, біз қалжың ретінде оны Сәлимә тәте деп атайтынбыз. Апамыз "Сәлимә" деп жаздыруды ұсынды. Алайда біз Сәлима деген нұсқаны таңдадық", - деп жазды Айсәуле Бақытбек.