Қоғам

"Өлердей жеркенемін": Белгілі блогер күйеуінің 10-11 жастағы қыздармен көңіл жарастырып жүргенін айтты

Блогер таратқан видеода күйеуінің WhatsAPP-та екі кішкентай қызды «Айшам» және «Тырысқағым» деп сақтап қойғанын байқауға болады

Танымал блогер Құлпынай Калменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Блогер өз сөзінде барбершопта шаш алатын күйеуі – Қолғанаттың телефонынан кішкентай қыздармен жазысқан хаттарын, бірге түскен фотоларын жариялады.

«Өлердей жеркенемін. Мынандай адаммен 5 жыл бірге тұрыпты ғой деген ойдың өзі өлтіріп барады. Егер ол үлкен әйел болса, жеңіл жүрісті біреу болса, тоқалы болса, дәл осылай ызыланбайтын едім. Оны жайына жібере салатын едім. Бұл жерде кішкентай қыздар, әлі кәмелеткен де толмаған. Менің байым түнгі 12-де қасымда жатып, кішкентай 10-11 жастағы қыздың жекесіне «сен сондай әдемісің, қарай беремін ғой, өзім ғашық болып қалдым ғой» деп жазған. Біріншіден, ол психологиялық дұрыс адам емес. Екіншіден, бұл – қылмыс. Ал ондай адаммен мен бірге өмір сүрмеймін», - дейді Құлпынай Калменова.

Блогер сөзін жалғай отырып, 10-11 жастағы қыздардың аналарына сол күні-ақ ескерткенін айтты. Алайда кішкентай қыздардың аналары бұл жағдайға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын жеткізді.

Блогер таратқан видеода күйеуінің WhatsAPP-та екі кішкентай қызды «Айшам» және «Тырысқағым» деп сақтап қойғанын байқауға болады.

Айта кетерлігі, Құлпынай Калменова осыған дейінгі жазбаларында ұлының шала туғанын айтып, гидроцифилия, рахит, кеуденің қисаюы, сүйек кемігінің биопсиясы сияқты ауру түрлеріне шалдыққанын жеткізді.

«Ұлымның әкесі осы жүгіріп жүргенімді біледі, бірақ еміне деп бір тиын қосқан емес. Уайымдап жылағанымды да көрді. Оған бала керек емес», - дейді Құлпынай Калменова.