Мәдениет

Айжұлдыз Адайбекова 11 келіге қалай арықтағанын айтты

Диета мен дұрыс тамақтану уақытша ғана нәтиже беруі мүмкін

Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова қалай салмақ тастағанын айтты. Ол 63 келіден 52 келіге дейін арықтаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, диета мен дұрыс тамақтану уақытша ғана нәтиже беруі мүмкін.

«Мен дұрыс тамақтанып, түрлі диета ұстадым. Иә, арықтадым. Бірақ қайтадан артық салмақ қостым. Содан кейін мәселе тамақта емес, адамның ойында екенін түсіндім. Қазір сымбатты болып жүру жайында аффирмацияны осылай жазамын», – деді актриса.