Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда 5 ер адам есірткі беріп зорлаған қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)

Ақтауда 5 ер адам есірткі беріп зорлаған қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Ер адамдардың бірі Алинаны зорлап жатқанда, қалған төртеуі оны ұстап тұрған

Ақтауда фитнес-жаттықтырушысын бейтаныс ер адмдардың көлікке қинап отырғызып жатқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұм болған бойжеткеннің ағасы видеолар мен жаңа мәліметтерді ZTB.kz парақшасына баяндап берген.

Өткен жылдың мамыр айында Маңғыстау облысында 29 жастағы фитнес-жаттықтырушы Алина ауыр қылмыстың құрбанына айналды. Зорлықтан кейін өз-өзіне қол жұмсады.

Алинаның ағасының айтуынша, спортпен айналысатын қыз жаяу жүргенді ұнататын және қадамдарын санау үшін смарт-сағат қолданатын. Сол күні де ол жұмыстан қайтып келе жатқан. Видеода бірнеше ер адам оған жақындап, ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызған. Бойжеткенді “есірткі жасырған адам” деп ойлап қалған.

Отбасының адвокатының айтуынша, ер адамдардың бірі Алинаны зорлап жатқанда, қалған төртеуі оны ұстап тұрған. Оған қинап мефедрон берген. Азаптап, өлтіреміз деп қорқытқан, сонымен қатар оның телефоны арқылы несие рәсімдеген.

Қылмыскерлердің қанынан да мефедронның ізі табылған, бұл олардың қылмыс алдында және кезінде есірткі пайдаланғанын дәлелдейді.

Алина болған оқиғаны бірнеше күн өткен соң ғана құрбысына айтып береді. Құрбысы оған полицияға арыз жазуға кеңес берген. Бірақ қыз терезеден секіріп кеткен.

2024 жылдың желтоқсанында айыпталушыларға сот үкімі шықты. Істің басты фигуранты 20 жылға бас бостандығынан айырылса, оның төрт сыбайласы 7 жылдан 8,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Алайда Маңғыстау облысының прокуратурасы бұл шешіммен келіспеді.

2025 жылдың 5 қаңтарында прокурор жаза мерзімі мен қылмыстың саралануына қатысты шағым түсірді. Сот талқылауында айыптаушы тарап негізгі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар