
Майқайың кентінде жер дүмпуі болған
Павлодар облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 9 қаңтарда сағат 09:55-те Баянауыл ауданындағы Майқайың кентінде жер дүмпуі болғанын мәлімдейді.
«Мән-жайды анықтау барысында ұлттық сейсмология орталығының берген координаттары тексерілді. Геолокация Майқайың кентінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан дала аймағына сәйкес келді. Тексеру нәтижесінде ешқандай қирау анықталмады», деп хабарлады ТЖД.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы төмендеген
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2025
Басты жаңалықтар
Семейде заманауи жабдықталған үш полиция бекеті ашылды
- авторkyn.kz
- 14 қыркүйек, 2025