Басты жаңалықтар

Павлодар облысында жер сілкінісі болды

Майқайың кентінде жер дүмпуі болған

Павлодар облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 9 қаңтарда сағат 09:55-те Баянауыл ауданындағы Майқайың кентінде жер дүмпуі болғанын мәлімдейді.

«Мән-жайды анықтау барысында ұлттық сейсмология орталығының берген координаттары тексерілді. Геолокация Майқайың кентінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан дала аймағына сәйкес келді. Тексеру нәтижесінде ешқандай қирау анықталмады», деп хабарлады ТЖД.