Басты жаңалықтар

“Қар мен жаңбыр”: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Республиканың солтүстік-шығысы мен шығысында қар мен бұрқасын сақталады.

Басқа аумақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің болжауынша, 13 қаңтарда жауын-шашын ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, сондай-ақ көктайғақ болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Еліміздің солтүстігінде түнгі сағаттарда ауа температурасы 8-18 аязға дейін, шығысында термометр бағандары 10-27 градус аязға жетеді. ҚР қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.