Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізді

Заңға жаңа әкімшілік жазаның түрі – қоғамдық жұмыс енгізілетіні айтылған

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Сенат сайтында жарияланған заң түсіндірмесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға жаңа әкімшілік жазаның түрі – қоғамдық жұмыс енгізілетіні айтылған. "Бұл жаза қылмыстық жазалауға ұқсас тетік бойынша іске асады, яғни қоғамдық пайдалы жұмысты жергілікті органдардың бақылауымен атқару көзделген. Онда ӘҚБтК-нің 11 бабына сәйкес ұсақ құқықбұзушылықтар бойынша жазаны қолдану мүмкін болып отыр. Қоғамдық жұмыстарды енгізу мен заңнаманы жаңарту құқықбұзушылықтар санын азайтуға, сот әділдігінің тиімділігін арттыруға және құқықбұзушылардың әлеуметтік мәртебесін ескеруге бағытталған", - делінген түсіндірмеде.