Мәдениет

Профессор Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті

Абайтанушы 95 жасқа қараған шағында бақилық болды.

Ғалым Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (1953 жылы), аспирантурасын (1964 жылы) бітірген.  

- 1953–1961 жылдары Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан, проректор;

- 1969–75 жылдары ҚазПИ-де доцент, 1975–91 жылдары Қазақстан Ғ.А Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, абайтану бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

- 1991–2000 жылдары арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі‚ Иасауи ғылыми лабораториясының меңгерушісі, әдебиет және этнофилология ғылыми-зертттеу орталығының директоры;

- 2002–2003 жылы Түркітану ғылыми-зертттеу институтының директоры қызметтерінде болды. 2000 жылдан М.Х.Дулат атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және “Түркі халықтары әдебиетінің тарихы” ғылыми-зертттеу орталығының директоры, “Бауыржантану” ғылыми-зертттеу орталығының бас ғылыми қызметкері.