Дүйсенова декреттегі ана табыс тапса, жәрдемақы неге тоқтайтынын түсіндірді
- автор kyn.kz
- 11 қаңтар, 2025
- 1.1k
Оның айтуынша, Әлеуметтік кодекске сәйкес, сақтандыру жүйесі бала күтіміне байланысты ата-ананың жоғалған табысын өтейді, деп жазды KYN.KZ тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
– Заңда дәл осылай көрсетілген. Осыған байланысты, сәбидің анасы немесе әкесі баланы күту үшін үйде отырып, бұрынғы табысын алмаса, оған жалақысының 40%-ы көлемінде өтемақы төленеді. Егер ол жұмысқа шықса және жалақы алса, бұл жағдайда, заңға сәйкес, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға байланысты төлемдер тоқтатылады, - деді Т.Дүйсенова Үкімет үйіндегі брифингте.
Дегенмен, Т.Дүйсенова елімізде бала туғанда берілетін, күтімі үшін берілетін түрлі жәрдемақы бар екенін атап өтті.
– Көпбалалы отбасы болса, бұл төлемдер тоқтатылмайды және әрі қарай төленеді. Біз ата-аналарды қолдау ретінде, егер олар жұмыс істеп, табысын сақтап қалса, оларды басқа көздерден – республикалық және жергілікті бюджеттен төленетін басқа жәрдемақылар арқылы ынталандырамыз, - деді Т.Дүйсенова.
ШҚО-да 780 әйел декреттік төлемді арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін жазған болатынбыз.
https://kaz.inform.kz/news/dekretteg-ata-ana-tabis-tapsa-zhardemaki-nege-toktap-kaladi-tamara-duysenova-zhauabi-ea016b/