Қоғам

Атырауда мұғалім педагогикалық кеңестен кейін суицид жасамақ болды

Қазір мұғалімнің жағдайы тұрақты

Атырауда мектеп мұғалімі педагогикалық кеңесте балағат сөздер естіген соң өзіне жұмсамақ болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ақпаратқа сенсек, қаладағы №37 мектептің мұғалімін көпшіліктің көзінше алаяқ деп айыптап, балағаттаған көрінеді.

"Мені педагогикалық кеңесте балағаттады. Бұған дейін директор оның "қолының сұғанақтығы бар" деп айтқан еді. Бұл – масқаралау, сондықтан басқа амал болмады", – дейді зардап шеккен әйел. 

Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің дерегіне сәйкес қазір іс бақылауда, арнайы комиссия құрылған. 

"Құрамында қалалық және Атырау облыстық білім басқармасының өкілдері, оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету бойынша аймақтық департаментінің өкілдері бар комиссия құрылды. Министрліктің аймақтық департаменті педагогикалық этика бойынша жоспардан тыс облыстық кеңес өткізеді. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген министрліктің Tengrinews.kz портасына берген жауабында.

Қазір мұғалімнің жағдайы тұрақты. Оған тиісті психологиялық көмек көрсетіледі.