7 жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген
Қомақты қаражатты алаяқтарға аударып жіберген.
Бірінші сынып оқушысы алаяқтарға алданып, ата-анасының атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Ресейдің Томск қаласында болған. Оқушы қыз виртуалды ойынды ойнап, ақша ұтып алғаны жайлы хабарлама алған.
Танымайтын адаммен телефон арқылы сөйлесіп, ақшаны алу үшін оның нұсқаулығын орындайды. Алаяқтар одан ата-анасының ұялы телефондарын суретке түсіруді сұраған.
Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен кішкентай қыз онлайн-несие рәсімдеп, қомақты қаражатты алаяқтарға аударып жіберген.
Нәтижесінде, 460 мың рубль (шамамен 2 400 000 теңге) көлемінде ұрлық жасалған.