"Тамақ қалдықтарын жылытып, мерзімі өткен тағамдарды берген": Алматыдағы мектеп асханасынан шу шықты (ВИДЕО)
Білім басқармасы мектепке тексеріс жібергенін мәлімдеді
Алматыдағы №67 орта мектептің асханасында оқушыларға тамақ қалдықтарын жылытып, қайта берген. Бшұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желі қолданушысының сөзінше, бірнеше күн бұрын пісірілген бәліштер мен пиццалар сатыла беретін көрінеді.
Ол ғана емес, котлеттер де қатырылып, оқушыларға қайта берілетінін айтты. Мектептің мұндай асханасына тексеріс жүргізуді талап етті.
Білім басқармасы мектепке тексеріс жібергенін мәлімдеді. Олар тамақ қалдықтары балаларға қайтадан берілмеуі тиіс дейді. Айтуларынша, қалдықтар асханадан бөлек жерде, контейнерлерге лақтырылуы керек.
«Департамент видеода көрсетілген барлық мән-жайларды зерделеу және анықтау үшін оқиға орнына азық-түлік сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық топтың жұмыс комиссиясы барғанын хабарлайды», - деп хабарлады білім басқармасынан.