Қоғам

«Пышақтаған, темекімен күйдірген»: журналист жүкті әйеліне күн көрсетпей жүрген ер адам туралы айтты

Осы уақытқа дейін әпкем таяқтан көз ашпаған, жездем ұрған, соққан, ауыраяқ кезінде ішінен басқан, шыдамағанынан машинадан секіріп кеткен

Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманының сұмдық оқиғасымен бөлісті. Айтуынша, жылдар бойы күйеуінен қорлық көріп келе жатқан әйел көмек сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқырманының жазуынша, күйеуі әйелін жақындарымен араластырмай қойған. Тіпті әжетханаға рұқсатынсыз жібермейді екен.

“Ардақты ағайын таяу күнде менің инста парақшама дәл осындай хат келді, сіздерге оқып берейін. Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданы Қазақстан ауданынан жазып отырмын. Осы уақытқа дейін әпкем таяқтан көз ашпаған, жездем ұрған, соққан, ауыраяқ кезінде ішінен басқан, шыдамағанынан машинадан секіріп кеткен. Пышақтаған, темекімен күйдірген. Күйеуі үйін өртеген. Әйеліне қатысты дүниенің бәрін қиратып өртеген. Жақындарымен арластырмай, әжетханаға да  сұранып шығады. Телефонын тартып алады сол үшін азапталған күндерінің дәлелі жоқ. Әпкемнің алты баласы бар, және жетіншісіне аяғы ауыр”,- деп жазды ол.