Қоғам

Ертіс өзеніне көлігімен құлаған жігіттің денесі табылды

24 жастағы жігіттің денесін 25 шақырым жерден балықшылар тауып алған

Семейде автокөлігімен бірге Ертіс өзеніне батып кеткен жігіттің денесі Бесқарағай ауданынан табылды. Ал қасында болған 22 жастағы қызды таба алмай жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 5 қаңтар күні болған. Жүргізуші тежегіш пен газды шатастырып, өзенге құлап кеткен. Салонда болған төрт адамының біреуі жағаға өзі жүзіп шыққан. Ал бір жолаушының денесін құтқарушылар жеті шақырым жерден тауып алды. Қалған екеуін іздеуге Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облысының құтқарушылары жұмылдырылды. Бірақ 24 жастағы жігіттің денесін 25 шақырым жерден балықшылар тауып алған. Қазір 150 адам ағысы қатты Ертіс өзенінің түбінен қыздың денесін іздестіріп жатыр.

«Іздестіру іс-шарасы өзен ағысының жылдамдығы, су астының нашар көрінуі, мұздың қатуымен қиындауда. Іздестіру үлкен аумақта жүргізіліп жатқандықтан, қиындап жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - Абай облысы ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасының бастығы Әсет Еркенұлы.