Қоғам

Ақтөбеде кепілге алынған тұрғындарға қатысты облыс әкімі мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатқанын айтты

Ақтөбе облысының әкімі тұрғындардың кепілге алынуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

“Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқылануда. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады. Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті көмектер ұйымдастырылады. Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Қауіпсіздік шаралары - бақылауымда”, - дейді әкім.